Qonaqtar
Almaty Museum of Arts коллекциясының көрмесі
Көрме
Жаз 2025
Qonaqtar топтық көрмесі музей коллекциясындағы жұмыстардан тұрады, қазақтың тойы және достар мен бейтаныс адамдардың басқосуының түйісуі түрінде мәдениеттердің, көзқарастар мен тарихтың бір арнада тоғысуын көрсетеді.
Qonaqtar — қатардағы көп көрменің бірі емес, өткен мен бүгіннің байланысы туралы ой толғау. Ал қонақжайлық бұл арада дәстүрді, тарихи бетбұрыстар мен өнерді байланыстыра отырып, шабыт көзі бола білген белгі.
Қозғалысты, кездесу кезіндегі қуанышты бейнелеп, Қазақстан, Орталық Азия және көршілес аймақтар контексіндегі қонақжайлық тақырыбын зерттейді. Бұл музей коллекциясынан аймақтың мәдени болмысына қайта бір үңілуге жол ашатын бірінші ауқымды көрме.
Мұндай көрме өткізуге музей қорындағы екі негізгі туынды себепкер болды, олар: Айша Ғалымбаеваның «Шопандар тойы» (1965) және Салихитдин Айтбаевтың «Тың. Түскі ас» (1960-жылдар) суреттері. Ғалымбаеваның туындысы көшпенді тұрмыстың өзіне тән қуанышы мен рухын бейнелесе, Айтбаевтың жұмысы тың игеру дәуіріне — жаппай переселендерді әкеп қоныстандырған ауқымды кеңестік науқанға арналған. Көрменің негізгі айтары осы туындылардан бастау алады.
Салихитдин Айтбаев, «Тың. Түскі ас», 1960-жылдар
Qonaqtar атауы да жайдан-жай таңдалған жоқ, қазақтың «қонақ» сөзі түркінің «қон-» сөзімен байланысты. Бұл сөз сұрапыл табиғи жағдайда тірлік кеше білген көшпелі халықтар үшін өмірлік маңызы бар ежелгі қонақжайлық дәстүрін көрсетеді. Қонақ келуі кең дастархан, ән-күй және әңгіме-дүкенмен қатар өріліп, бұл көшпелі мәдениеттің маңызды бір бөлшегі болған.
Көрмеде кеңестік кезеңдегі депортация және жаппай қоныстандыру кезіндегі мәжбүрлі қонақжайлықпен байланысты күрделі тақырып та көтеріледі. Қазақстанға Кеңес одағының түкпір-түкпірінен халықты әкеп қоныстардырды: олардың арасында ХІХ ғасырдағы орыс шаруаларынан бастап, 1930-жылдардағы депортацияланған корейлер мен жер аударылған диссиденттер де болды. Бұл қасіретті жағдай қоғам мен өнерге де ықпалын тигізіп, аймақтың мәдени өміріне өшпес із қалдырды. Қазір қонақжайлық туризмді дамытуда маңызды рөл ойнайды, әйтсе де, ол қаншалық шынайы деген сұрақ туады. Дәстүрдің о бастағы саф таза қалпы сақталды ма, отарлаушылардың ықпалымен қандай өзгеріске ұшырады немесе басқаша қолданысқа көшті?
Сахи Романов, «Қонаққа бара жатқанда», 1967
Сахи Романов, «Киіз үй», 1964
Экспозиция ауқымды көш толқынын қозғаумен қатар, өзара қарым-қатынас, достық, махаббат сияқты өмірді қозғаушы күш саналатын жекелеген оқиғаларды да зерттейді. Соның ішінде 1960-жылдардағы қазақ суретшілерінің жұмысының орны бөлек, олар жергілікті салт-дәстүр, фольклор және көшпелі мәдениетті енді ғана сыздықтап біліне бастаған модерн тенденциямен үйлестіріп, икемді ұлттық тіл қалыптастыра білді. Кеңестік дәуір шындығымен қосыла келе, ол туындылар Орталық Азияның бай мұрасын, соның ішінде тілдік дәстүр мен діни өнердің ықпалын көрсетеді.
Artists
Shyngys Aidarov
Erbossyn Meldibekov
Yelena and Viktor Vorobyev
Almagul Menlibayeva
Said Atabekov
Curators
Inga Lāce is CMAP Central and Eastern Europe Fellow at MoMA. She has been a curator at the Latvian Centre for Contemporary Art since 2012 and was curator of the Latvian Pavilion of the Venice Biennale 2019 with the artist Daiga Grantina (co-curated with Valentinas Klimašauskas).
Partners
Сондай-ақ
Related events
Explore the collection with a guide
Tours
Every Sunday, free
Audio tour
Tours
Every Sunday, free