top of page

Билет бағасы

Келушілерге

Ашылуы 12.09.2025

Стандарт билет: 2 000 тг
Арнайы билет: 500 тг

Untitled.png

Almaty Museum of Arts — заманауи өнердің жаңа мәдени нышаны. Бұл жерде Орталық Азия мен әлемнің суретшілері ой-пікір алмасып, шығармашылық диалог орнатады.

Сейсенбі – Жексенбі: 11:00-ден 20:00-ге дейін


Дүйсенбі:

Демалыс

Мұражайға кіру 19.00-ге дейін 

Назар аударыңыз: Мереке күндері кесте өзгеруі мүмкін. Соңғы ақпаратты біліп отыру үшін біздің әлеуметтік желілерімізді бақылап отырыңыз немесе мұражайдың жаңалықтарына жазылыңыз.

Мекенжай: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 28
(Назарбаев даңғылының қиылысы)

Бас кіреберіс – Назарбаев даңғылы бойында,

Топтар үшін кіреберіс – Almaty Theatre жағында орналасқан.

Қоғамдық көлікпен:

Назарбаев даңғылы бойындағы «Назарбаев/Әл-Фараби» аялдамасы: №2, 48 автобустар 

Әл-Фараби даңғылы бойындағы «Желтоқсан» аялдамасы: №63, 86 автобустар

Жеке көлікпен:

Мұражай аумағындағы автотұраққа Назарбаев даңғылынан кіруге болады (автотұрақ ақылы, орын саны шектеулі).

Өнер туындыларын әр адамға қолжетімді етуге тырысамыз. Мұражайға кіру сеанс бойынша жүзеге асады, сондықтан билеттерді алдын ала брондауыңызды сұраймыз. 
 

  • Стандарт билет: 2 000 тг

  • Арнайы билет (оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға / тиісті құжатты көрсеткен жағдайда): 500 тг

Тиісті құжатты көрсеткен жағдайда келесі топтағылар мұражайға тегін кіре алады

 

  • «Достар» бағдарламасының қатысушылары

  • 7 жасқа дейінгі балалар

  • мүгедектігі бар жандар мен оларды алып жүрушілер

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға, сондай-ақ еңбек ардагерлері

  • CIMAM, ICOM және UNESCO мүшелері

  • мұражай қызметкерлері

  • тіркеуден өткен журналистер

Мұражайдың шығармашылық өміріне қадам басып, оның бағдарламалары мен шараларына қатысыңыз. Қазақстанның заманауи мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне өз үлесіңізді қосыңыз.

 

Біздің достарымызға:

  • Мұражайға тегін және кезексіз кіру 

  • Арнайы іс-шаралар мен кураторлық экскурсиялар

  • Мұражай бағдарламаларына алдын ала брондау мен жеңілдіктер

  • Мұражайдың дүкенінде жеңілдік беріледі. 

 

«Достар» бағдарламасына бір жылдық абонементті сілтеме арқылы немесе мұражайдың кассасынан сатып алуға болады.

Экскурсия жетекшісімен бірге мұражайды аралап, өнерді жаңа қырынан тану мүмкіндігі бар. Ол әр туындының тарихын баяндап, көзден таса қалған жасырын мағыналарын ашып көрсетеді.

Сізге ыңғайлы болу үшін түрлі экскурсия форматтарын ұсынамыз. Тұрақты топтық турларға қатысып немесе өз қалауыңызға сай арнайы дайындалған жеке бағдарламаны таңдауға болады.

  • Құны: 3 000 тг (кіру билеті мен гид қызметі қоса есептелген)

  • Адам саны: 20 адамға дейін

  • Ұзақтығы: 60–70 минут

  • Билеттер: онлайн және мұражай кассасында қолжетімді; билеттерді 7 күн бұрын сатып алуға болады.

  • Құны: экскурсиялық қызмет – 25 000 тг, әр қатысушы жеке кіру билетін бөлек сатып алу керек

  • Адам саны: 20 адамға дейін

  • Ұзақтығы: 60–90 минут

  • Артықшылықтары:

Сіздің қалауыңызға сай жеке бағдарлама құрастырылады;

Балалар мен отбасыларға арналған ойын элементтері бар арнайы экскурсиялар өткізіледі;

Экскурсия жетекшісінің мүмкіндігіне қарай бірнеше тілде экскурсия жүргізуге болады.
 

Тапсырыс беру үшін: visit@almaty.art поштасына жазыңыз.

Құны: бүкіл топқа экскурсиялық қызмет – 75 000 ₸, әр қатысушы жеке кіру билетін бөлек сатып алу керек;
Адам саны: 20 адамға дейін
Ұзақтығы: 60–90 минут

 

Cипаттамасы: көрмеге терең үңіліп, экспонаттарды авторларының көзқарасымен көруге мүмкіндік беретін ерекше формат. Куратордың жетекшілігімен туындылардың жасалу тарихы мен контекстін терең түсініп, көрмені жаңа қырынан қабылдайсыз.
 

Тапсырыс беру үшін: visit@almaty.art поштасына жазыңыз.

Мұражаймен өзіңізге ыңғайлы қарқынмен танысыңыз. Бұл үшін келушілерге ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде аудиогид қолжетімді. 

 

  • аудиогидті смартфоныңыздан тыңдаңыз (QR-код мұражай залдарында және осы сілтеме бойынша қолжетімді)

  • немесе аудиогидті ақпарат бөлімінен жалға алыңыз.

Жаңалықтар, іс-шаралар мен арнайы ұсыныстар жөнінде бірінші болып білу үшін таратылымға жазылыңыз. 

 

Almaty Museum of Arts - бұл өнер, шабыт және диалог кеңістігі.

 

Мұражайда кездескенше!

bottom of page