top of page

Stories

Мұражайдің Орталық Азия аймағының өнері мен мәдени мұрасын зерттеуге арналған онлайн платформа.
Киіз басу. 1958. Картон, майлы бояу. 50х50 Кошмоделие. 1958. Картон, масло. 50х50 Feltwork
Киіз басу. 1958. Картон, майлы бояу. 50х50 Кошмоделие. 1958. Картон, масло. 50х50 Feltwork

Коллекция туралы

artwork3.jpeg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

Мұражай коллекциясында Айша Ғалымбаева, Салихитдин Айтбаев пен Шаймардан Сариев сияқты мойындалған қазақстандық шеберлердің жұмыстарымен қатар, Сергей Калмыков, Павел Зальцман сияқты Қазақстанмен тығыз байланысты суретшілердің туындылары да бар. 

Коллекциядағы заманауи өнердің жаңа буыны Рустам Хальфин, Алмагүл Меңлібаева, Ербосын Мелдібеков, Сәуле Сүлейменова және Саид Атабековтың, сонымен бірге Өзбекстаннан Саодат Исмаилованың, Қырғызстаннан Жазгүл Мадазимованың туындылары түрінде көрініс тапқан. Коллекциядағы халықаралық диалог Хадим Али, Сюй Чжэнь және Жадэ Фадоютими сияқты авторлардың туындыларынан көрінеді және олар қорымыздың жаһандық мәнін үстеп, көпқырлы мәдени байланысты көрсетеді. 

Мұражай қорында Ричард Серра, Ансельм Кифер, Яёи Кусама және Билл Виола сияқты әлемдік деңгейдегі шеберлердің айтулы туындылары да бар. Мұражай жанындағы көпшілікке арналған кеңістікке қойылған Йинка Шонибаре, Жауме Пленса және Алисия Кваденің монументал жұмыстарының орны бөлек. 

Stories

Мұражай коллекциясына сүйене отырып, Stories аймақтағы заманауи өнер туралы ауқымды тарихи және мәдени тұрғыда әңгімелейтін мақалалар, сын және эксперимент мәтіндер ұсынады. 

Біз авторларды, кураторларды, суретшілер мен зерттеушілерді заманауи өнер және өзекті мәдени процестермен байланысты тақырыптарды ұсынуға шақырамыз. Өтінім Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстан сияқты Орталық Азияның жекелеген елдеріне, сондай-ай Оңтүстік Кавказ, Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен аймақаралық байланысқа қатысты болуы мүмкін. Диаспораларды және мәдени қиылысуларды зерттейтін жобаларды да қуана қабыл аламыз.

Өтінімді қалай береміз?

artwork3.jpeg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

Stories жобасына қатысу үшін stories@almaty.art поштасына өтінім жолдаңыз. 

 

Өтінім мынадай болуы керек:

  • Аннотация (200 сөз);

  • Автордың қысқаша биографиясы (бар болса, жарияланымдармен бірге);

  • Материал форматы (эссе, интервью және т.б.).

Соңғы мәтіннің көлемі 1500–2000 сөзден тұруы керек.

Өтінім беру процесі

artwork3.jpeg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

Редакция ұжымы өтініміңізді мұқият қарап, мазмұнын, мұражайдің миссиясына сәйкестігін және жүзеге асыру мүмкіндігін бағалап, содан кейін келесі қадамдарды нақтылау үшін сізге хабарласады. Өтінім қабылданған жағдайда мерзімі мен шарттары туралы келісеміз. Мәтіннен бөлек авторлар суреттерді, олардың түсіндірме жазбасын ұсынып, суретті пайдалану құқығымен қамтамасыз етуі керек (егер сурет Almaty Museum of Arts меншігі болмаса).

Өтінім қазақ, ағылшын, орыс және аймақтағы елдердің тілінде қабылданады.

Қаламақы

artwork3.jpeg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

Авторға мәтінді өткізгеннен кейін және редакция түзетуінен соң 250 000₸ көлемінде қаламақы төленеді.

Редакция ұжымы

artwork3.jpeg

Additional description:

Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org

Инга Лаце, Бас куратор

Маржан Алпысбаева, Көрме үйлестірушісі

Даяна Вафина, Көрме үйлестірушісі

Евгения Смелова, Бас сақтаушы

bottom of page