Біз туралы
2025 жылдың мамыр айында Қазақстанда, Алматының қақ төрінде коллекционер, меценат Нұрлан Смағұлов негізін қалаған Almaty Museum of Arts ашылады. Орталық Азиядағы тұңғыш заманауи өнер мұражай аймақтағы негізгі мәдени алаң болмақ. Жоба авторлары тұмса табиғат пен қала тіршілігі шебер үйлескен Алматыны қоршап тұрған таулар мен қала бедерінен шабыт алды.
Біз туралы
Additional description:
Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org
Almaty Museum of Arts балалар мен ересектерге арналған көрмелер, көркемдік жобалар, баспа қызметі мен білім беру жобалары сияқты мазмұнды бағдарлама ұсынуды жоспарлап отыр. Мұражай идея алмасуға және мәдени диалог құруға ықпал етіп, Орталық Азия аймағындағы өнерді ұсыну және зерттеу алаңы болмақ.
Мұражай миссиясы-Қазақстан мен Орталық Азиядағы заманауи өнер процестерін қолдау және зерттеу. Бұл аймақ өнері туралы дискурс қалыптасатын және зерттелетін, халықаралық сахнамен белсенді өзара әрекеттесетін және бүгінгі қоғамда болып жатқан процестерді сыни тұрғыдан түсінетін кеңістік.
Біздің даму тарихымыз
Additional description:
Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org
Мұражай негізінен Н.Смағұловтың отыз жылда жинаған жеке коллекциясы қойылған, өңірдегі ең ірі жеке коллекцияның бірі саналатын жинақта жалпы саны 700-ден аса туынды бар. Қазір коллекцияның ауқымы кеңейіп, Қазақстан, Орталық Азия және көршілес аймақтардан жанры да, көркемдік бағыты да әртүрлі жаңа экспонаттар, заманауи өнер туындыларымен толығып жатыр.
Сәулет
Additional description:
Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org
Мұражайдің сәулеті мен оның айналасындағы ландшафт жобасын сәулет, қала құрылысы және интерьер дизайны саласындағы әлемдік көшбасшы, көптеген марапаттың иегері, британдық Chapman Taylor сәулет бюросы жасады. Жобалау барысында Chapman Taylor сонымен бірге Buro Happold инженер кеңесшілерімен және Lord Cultural Resources мұражайді жоспарлау саласындағы сарапшылармен тығыз әріптестік байланыста болды.
Мұражай дизайны Алматының табиғи бедері мен қала тынысынан шабыт алып, екі «L» секілді құрылым түрінде берілген: оның бірі тауды білдірсе, екіншісі қаланың белгісі.
Ғимараттың дәл ортасында «Өнер көшесі» — биіктігі 18 метр болатын мұражайдің орталық кеңістігі бар. Түрлі көрме аймағы осы жерде бір-бірімен байланысады. Табиғи жарықпен жарықтандырылған «көше» Шарын шатқалымен көмкерілген. Ол бір жағынан лобби, көрме алаңы және оңаша қалып ой түйетін орын қызметін де атқарады.
Кеңістік
Additional description:
Maxwell Museum of Art
123 Art Museum Drive
Portland, OR 97205
www. maxwellmuseum. org
Мұражайда екі негізгі көрме залы бар:
• Аумағы 1000 шаршы метр уақытша көрмелер залы. Биіктігі 12 метр болатын бұл залда жылына екі рет арнайы көрмелер өтеді.
• Тұрақты экспедиция залы. Мұнда мұражай коллекциясынан ауыспалы тақырыптық көрмелер өтеді.
Бұған қоса, Ричард Серра, Ансельм Кифер, Яеи Кусама және Билл Виола секілді жекелеген суретшілердің тұрақты коллекциясына арналған арнаулы бөлмелер болады. Келушілер мұражай аумағынан Йинка Шонибаре, Жауме Пленса және Алисия Кваде сияқты айтулы шетелдік шеберлер Алматы мұражайіне арнап жасаған монументал мүсінді де көре алады.
Көрме кеңістігінен бөлек, мұражайде лекциялардан бастап камералық концерттер мен кинокөрсетілімге дейінгі түрлі іс-шара өткізуге арналған Трансформер зал бар. Мұражай аясында үйретумен айналысатын Шеберхана, қайта жөндеу шеберханасы, өнер туындыларына арналған кәсіби қор қоймасы, кафе және дүкен қызмет көрсетеді.
Almaty Museum of Arts балалар мен ересектерге арналған көрмелер, көркемдік жобалар, баспа қызметі мен білім беру жобалары сияқты мазмұнды бағдарлама ұсынуды жоспарлап отыр. Мұражай идея алмасуға және мәдени диалог құруға ықпал етіп, Орталық Азия аймағындағы өнерді ұсыну және зерттеу алаңы болмақ.