top of page

Қол жетімділік

Бұл бөлім әзірленуде

Мұражай — баршаға ашық кеңістік, ал өнер әр адамның қолы жететін тәжірибе болуына ұмтыламыз.  

Физикалық мүмкіндік — мүмкіндігі шектеулі келушілерге қолайлы болуы үшін мұражайдың сәулет дизайнында пандустар, лифтілер қарастырылған және өтетін жерлер кең етіп жасалған. Мұражайларға арналған инклюзив шешімдермен жұмыс істейтін француздың Tactile Studio студиясы жасаған тактильді элементтер мен көрнекі белгілер сенсорлық бұзылуы бар жандарға көмектеседі.

 

Инклюзив бағдарламалар — біздің экскурсияларымыз бен бағдарламаларымыз келушілердің қажеттілігі әртүрлі екенін есепке ала отырып жасалған. Көруі немесе естуі нашар балалар мен ересектерге арналған арнайы турлар да қолжетімді әрі қызықты етіп жасалған. 

 

Цифрлық ашықтық —біздің сайтымыз коллекция мен көрмелердің ауқымды цифрлық мұрағатын ұсынып, мұражай коллекциясы мен бағдарламасын қашықтан игеруге мүмкіндік береді. 

 

Көп тіл білетін гидтер — көрмелер бойынша мұражайда және онлайн бірнеше тілде аудиогид пен мәтін түріндегі ақпарат ұсынамыз.  

Билет бағасы қолжетімді — тегін кіруге болатын күндерден бөлек, балаларға, студенттерге және зейнеткерлерге жеңілдік ұсынамыз. Біздің мақсатымыз — мұражайды барлығына мүмкіндігінше қолжетімді ету.

Мобильді көмек құралдары — мұражай ішінде тегін пайдалануға мүгедектер арбасы мен роллаторларды ұсынамыз. Біздің қызметкерлер әрқашан қолжетімділікке қатысты мәселелерге көмектесуге және барлығына ыңғайлы келуді қамтамасыз етуге дайын.

Егер сұрақтарыңыз болса немесе қосымша көмек қажет десеңіз, алдын ала хабарласыңыз — мұражайға сапарыңыз мейлінше жайлы әрі қолайлы болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

bottom of page