top of page
Almaty Museum of Arts
Almaty Museum of Arts ашылуында фестиваль түрінде ойластырылған бағдарлама болады. Музейдің ерекше жерде, философ әрі “Музыканың ұлы кітабының” авторы Әл-Фарабидің атымен аталатын даңғыл бойында орналасуы, сонымен бірге Орталық Азия аймағындағы ақындар мен жыршылардың ауыздан ауызға жеткен бай мұрасы осындай бағдарлама жасауға арқау болды. Бағдарлама әр элементтің өзіне тән үні жиналып келіп, біртұтас ырғаққа айналатындай көпқырлы композиция түрінде ойластырылған.
Discover more
as a member
Дыбыстық және хорегографиялық перформанстар, кинокөрсетілімдер мен ауызша сөзбен байланысты эксперименттер келушілерді өзге бір уақыт өлшеміне өтіп, қалыптан тыс дауыстарға құлақ түруге және қабылдау аясын кеңейте түсуге шақырады. Қонақжайлық үлгісін көрсете отырып, көпқырлы мәдени фестиваль әр көрерменмен эмоциялық байланыс орнату арқылы музейді жандандыра түседі.
Бұл музейді Алматының мәдени өмірінің ажырамас бөлшегіне айналдырып, келбеті өзгеріп келе жатқан қалаға жаңа тыныс сыйлайды.
Музейдің ашылу бағдарламасының кураторы — Анна Давидян.
bottom of page