
Алматыдағы өнер оқиғалары
Almaty Museum of Arts-та Алматыдағы алдағы өнер оқиғаларын зерттеңіз. Дәрістерді, воркшоптарды және мәдени бағдарламаларды қарап, сапарыңызды жоспарлаңыз. Барлық көрмелерді қараңыз.

…
Куратор көзқарасы: Суен Ли
Дәріс
10 Қараша, 2026
19:00–20:30
Дәріс барысында Кореяның Ұлттық заманауи және қазіргі заманғы өнер музейінің (MMCA) тарихына қысқаша шолу жасалып, оның заманауи кәріс өнерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Дәрістің негізгі бастауы ретінде 1986 жылы Квачхон қаласында музей филиалының ашылуы саналады. Одан әрі музейдің көркемдік дискурсты қалыптастырудағы институционал рөлінің өзгеруі және заманауи кәріс өнерінің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етуі сөз болады. Бұл үдерісте шығармашылық тәжірибесі мен халықаралық байланыстары елеулі рөл атқарған Нам Джун Пайктың өнеріне ерекше назар аударылады.

…
ALMA Storytime
Балаларға арналған кітап оқу және шығармашылық клубы
11 және 25 қараша, 2026
11:30-12:15
«Марғауым менің қайда?» атты кітаптың қызықты әлеміне саяхатқа аттанамыз! Steppe & World Publishing баспасымен және кішкентай оқырмандармен бірге үйіне қайтар жолды іздеген сүйкімді марғаудың оқиғасын тамашалап, оның әлеміне бойлаймыз.

…
Дария Темірхан: Венадағы зерттеулер мен кездесулер
12 қараша, 2026
19:00–20:30
Суретші Дария Темірханның 2026 жылғы шілде-тамыз айларында MuseumsQuartier Wien кеңістігінде өткен екі айлық зерттеу резиденциясы хақында әңгіме-дүкен құратын кездес уге шақырамыз. Кеш барысында Дария Weltmuseum Wien мұрағатында жүргізген жұмысы жайлы, Венадағы музейлер мен көрме кеңістіктерінен алған тәжірибесі, сондай-ақ Орталық Азия өнер қауымдастығына арнап ұйымдастырған кездесуінің барысы жөнінде біраз сөз қозғайды. Сонымен қатар резиденция аясында бастаған су мен би тақырыбындағы зерттеу жұмысының қалай өрбігенін, оның артындағы ізденістер мен шығармашылық үдеріс жайын баян етеді.
.jpg)
…
Nobai

…
Билл Виола жайлы «Жүрек көзі» аталатын деректі фильм

…
Пішін сұлба қалыптастырады
.jpeg)
…
«Үш апалы-сіңілі»

…
After Work
Ересектерге арналған кешкі уоркшоп
20 Қараша, 2026,
19:00-21:00
After Work: Мария Резвановамен бірге керамикалық мүсін жасау
Ересектерге арналған кешкі уоркшоп заманауи мүсін өнері мен өзіне ғана тән пішін іздеу жолында бағдар береді. Қатысушылар Марияның авторлық әдістемесіне сүйене отырып, саздан абстрактілі мүсін жасайды.

…
Билл Виола – видеоарттың атасы
Дәріс
21 Қараша, 2026
16:00 - 17:30
Дәріс барысында біз Билл Виоланың қалайша «видеоарт атасы» атанып кеткенін және оның бейнетехнологияларды адам болмысын тереңінен зерттеуге мүмкіндік беретін құралға қалай айналдырғанын талқылаймыз. Сондай-ақ суретшінің уақытты видео медиумға бағындырып, өз шығармашылығының басты құралдарының біріне айналдырғаны жайлы әңгімелесеміз. Деректі «Билл Виола: Жүрек көзі» фильмінің көрсетіліміне арналған дәріс тамаша толықтыру болады.
.jpg)
…
Craft Night
Ай сайынғы қолөнер клубы
24 Қараша, 2026
18:30-20:00 (кез келген уақытта)
Қараша айындағы Craft Night кешінде суретші Яёи Кусаманың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шексіз әлемдер» фильмін тамашалап, оның өнеріне бойлаймыз. Өзіңізбен бірге шығармашылық жобаларыңызды ала келіп, сүйікті ісіңізбен айналыса отырып, кешті жайлы атмосферада өткізіңіз. Ал біз дәмді тіскебасарлар мен ыстық шай дайындаймыз!